«Алматы қаласы Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы жанынан халықты қабылдап, кеңес беретін арнайы зал ашылған. Мұнда «Нұрлы жер», «Өңірлерді дамыту 2020» және қалалық «Алматы жастары» бағдарламаларын халыққа егжей-тегжейлі түсіндіріп, олардың сұрауын қанағаттандыратындай жағдай жасалған»,-деді әкімдіктің баспасөз қызметі.
Операциялық залдың негізі мақсаты - халыққа жылдам әрі сапалы қызмет көрсету, сондай-ақ бұқараға тұрғын үй заңнамасына сай міндеттер мен ақпаратты ашық түрде жеткізу.
Операция залының 1 қабатта орналасуы әсіресе егде жастағы кісілер мен мүмкіндігі шектеулі жандарға, қимыл-тірек аппаратының көмегімен жүріп-тұратын азаматтарға ыңғайлы етіп жасалған. Есту, сөйлеу қабілеті нашар адамдарға онлайн сурдоурдармашы бар. Және мұнда «Азаматтарға арналған үкімет» МК арқылы (ЭСҚ болған жағдайда) өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы бар.