Алматыда тұрғын үй кешеніндегі көлік тұрағы өртенді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда тұрғызылып жатқан тұрғын үй кешенінің көлік тұрағында өрт болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Қалалық ТЖ департаментінің хабарлауынша, өрт Медеу ауданындағы әл-Фараби даңғылы, 1 «Б» мекенжайында тұтанған. Құрылыс жұмыстары жүріп жатқан 12 қабатты «Фальконсити» ТК  автотұрағында құрылыс қалдықтары отқа оранған.

«Алғашқы өрт сөндірушілер тобы оқиға орнына 08:55-те жетті. Өрт 09:01-де тоқтатылып, 09:11-де толық сөндірілді. Жалын шарпыған аумақ 25 шаршы метрді құрайды», - деп хабарлады қалалық ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова.

Өрт салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.