А. Серікбаевтың құрылысты заңсыз салған адамды әкімшілік жауапкершілікке тартпау үшін жеке тұлғадан 680 000 теңге көлемінде пара алған.
Қазір А.Серікбаев өз кінәсін толық мойындады. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар ұлттық бюросының Алматы қаласы бойынша департаменті қызметкерлері қалалық сәулеттік-құрылысты бақылау басқармасының жеке тұрғын үй құрылысын бақылау бөлімінің басшысы А.Серікбаевты ұстады. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.