Төтенше жағдай 11-қабаттағы пәтерде болған.
Ер адам темекі шеккен күйі ұйықтап кеткен. Соның кесірінен үйдегі барлық мүлік отқа оранған. Дер кезінде келген әйелі өрт сөндірушілерді шақырып үлгерген.
Өрт сөндірушілер 50 шақты адамды қауіпсіз жерге көшірді.
Қызыл жалын 5 шаршы метрді шарпыған.
Ер адам мен әйелі ыстан уланды деген диагнозбен ауруханаға жеткізілді.