Алматыда тұрғын үй тәртібін дамыту туралы пікірсайыс турнирі өтеді

АЛМАТЫ. 20 мамыр. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда 21-22 мамыр күндері ҚР Тұрғын үй тәртібін дамытудың келешегі мен мәселелері туралы пікірсайыс турнирі өтеді.

Онда екі күн бойы студенттік командалар заемдарды қайтару тәуекелін азайтудың тетіктерін және үлескерлер мәселелерін шешу нұсқаларын ұсынады. Сондай-ақ өз бетімен жер телімдерін басып алу мәселесін шешу, халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына арналған ипотекалық несиелеу бағдарламасы мен мемлекеттік жаңа тұрғын үй құрылысы бағдарламасын талқылайды.

Бұл пікірсайыс қоғамдық талқылау арқылы елдегі тұрғын үй тәртібін талдауда жастардың әлеуметтік және шығармашылық белсенділігін арттыру мен студенттік пікірсайыс қозғалысын дамытуды мақсат тұтады. Оған «Қазақстан ипротекалық компаниясы» АҚ қолдау көрсетіп отыр. Еуразия нарық институтында өтетін бұл шара 4 іріктеу кезеңінен тұрады. Онда әр команда құрамында 2 ойыншы және 1 төрешіден болады. Америка Парламенті үлгісінде өтетін пікір-сайыс қорытындысында «Үздік спикер», «Үздік төреші» атағын алғандар грамота және бағалы сыйлықтармен марапатталмақ.