Естеріңізге сала кетейік, Панфилов көшесінде өрт болғандығы жөніндегі хабар сағат 22-19-да келіп түсті. Бес минут өткен соң оқиға орнына өрт сөндірушілер келіп жетті.
Төтенше жағдайлар қызметінің өкілдері жеткенше, 8 қабатты тұрғын үйдің шатыры жанған. Өрт сағат 23-03-те ауыздықталды. Жалын шарпыған аймақ 35 шаршы метрді құрады.
Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.