Полиция қызметкерлерінің хабарлауынша, оқиға салдарынан үй иесі қаза тапқан. Әзірге ІІМ қызметкерлері төтенше оқиғаның қаланың қай жерінде, қандай жағдайларда орын алғаны мен басқа да зардап шегушілердің бар-жоғы туралы еш мәлімет берген жоқ. Олардың айтуынша, оқиға орнында жедел топ мүшелері жұмыс жасауда.
22:31, 19 Наурыз 2014
Алматыда тұрғын үйдегі жарылыстан бір адам қаза тапты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы қаласындағы тұрғын үйде жарылыс болды, деп хабарлайды «ҚазАқпаратқа» ҚР ІІМ кезекші бөлімінен.