деп хабарлады ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.
Бүгін түнгі сағат 3-те Медеу ауданында, Достық даңғылы пен Қабанбай батыр көшесінің қиылысындағы 9 қабатты үйдің шатыры өрт құшағына оранған. Қызыл жалын 2,5 шаршы метр аумақты шарпыған. ТЖМ мәліметтері бойынша, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.
Тілсіз жау ҚР ТЖМ Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру қызметінің күшімен сағат 05:20-да ауыздықталды. Оған аталған мекеменің жеке құрамындағы 156 маман мен 28 техника жұмылдырылды.