«АҚПБ» мамандарының тексеру жұмыстары бойынша, Медеу ауданы Сұлусай ықшам ауданының Достық көшесі №1А үйінің шығыс жағында жаңбырдың толассыз жауып, топырақтың шамадан тыс ылғалдануы салдарынан 250м3 көлемінде топырақ көшкіні жүрген. Опырылып түскен топырақ массасы үйге дейін жеткен.
Мәлімет бойынша, тұрғын үйге зақым келмеген. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Жауын-шашын мөлшерінің мол түсуі салдарынан топырақ көшкіні жүру қаупі әлі де сақталуда. Медеу аудандық әкімдігіне апат болған аумақты тазалау туралы ұсыныс айтылды.