АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда тұрғын үйдің ауласында қарумен жүрген адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл ақпаратты Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Абдрахманов растады.
«Полицияға сағат 22.00 шамасында 102 пультіне екі рет оқ атқан адам туралы хабарлама түсті. Алатау ауданының «Дарабоз» ықшам ауданындағы тұрғын үйлердің арасында қарумен жүрген адам ұсталды. Алдын ала мәлімет бойынша, ол отбасылық жанжалға байланысты мұндай қадамға барған. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», - делінген полиция хабарламасында.
Думан Арғынгелді
2008 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. «Қазақстан» ұлттық арнасының Алматы қалалық филиалында, «Аягөз жаңалықтары», «Алматы ақшамы» газеттерінде қызмет атқарды. Мақалалары республикалық, облыстық, аудандық газет беттерінде жарияланды. 2021 жылдан бері «KAZINFORM» ХАА-де жұмыс істейді.