Олар бірінші кезекте балалар және мүгедектердің арбаларын түсіріп-шығаруға арналған.
Пандустар кіреберістегі есік пен лифт арасындағы баспалдаққа орнатылды. Әдетте, бұл жер жас аналар мен мүгедектер үшін қиындық туғызатыны белгілі.
Пандус сығымдалған алюминийден жасалған. Беті сырғанақ емес. Пандустың табанының ені 20 сантиметрден асады. Демек, барлық қол арбалардың 90 пайызына сәйкес келеді деген сөз. 130 келіге дейін салмақты көтере алады. Қажетсіз кезде қабырғаға бекітіліп қойылатын пандусты нәзік жандылар да оңай жазып, қайта жинай алады.
Алматы қалалық тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің аға маманы Маулет Әлмұхамбетовтің айтуынша, жиналмалы пандус қазіргі таңда тұрғын үйлер үшін өте тиімді.
«Біздегі тұрғын үйлердің кіреберіс дәліздері тар. Ал ол жерге стационарлық пандустарды орнату өрт қауіпсіздігіне қайша келеді және тұрғындарға да ыңғайсыздық туғызады. Ал қайырмалы пандусты тек қолданар кезде ғана жайып қоясыз. Қалған уақытта қабырғада бекітулі тұрады және ешкімге кедергі келтірмейді» - деді өз сөзінде Маулет Әлмаұхамбетов.
«Мен бұл іске жобаны ұйымдастырушы ретінде ғана емес, жас әке ретінде де кірістім. Әрбір ер азамат үшін үйдегі әйелі мен баласының қауіпсіздігі өте маңызды» - деді өз кезегінде «Жолың болсын, балақай!» жобасының үйлестірушісі Тұрғанжан Қасымов. - Біз бұл жоба арқылы осы мәселені шешуге болатындығын көрсеткіміз келеді. Яғни тар кіреберістерге жиналмалы пандустарды орнатуға болады. Бұл, әсіресе жас аналарға үлкен көмек. Екіншіден, мен әрқайсымыздың қоғамның кез келген мәселесін шешуге белсене атсалыса алатындығымызды паш еткім келді».
Енді жоба аясында болашақта қаладағы басқа да тұрғын үйлерге жиналмалы пандустар орнату көзделуде.