Денсаулық айлығына басқарманың Алматы қаласындағы ведомстволық бағыныштымедициналық ұйымдары қатысады. Айлықтың мақсаты – медициналық қызметке бірқадам жақын болуды қамтамасыз ету.
Басты міндет – бірінші кезекте балалардың, азаматтардың денсаулығын сақтаумен нығайту және профилактика. Тұрғындарды жан-жақты тексеру үшін жылжымалыкешендер қажетті қондырғылармен толық жабдықталған.
Терапевтер, педиаторлар, кардиологтар және басқа да білікті дәрігерлерқабылдау жүргізеді. Денсаулық айлығы барысында қалалықтар ағзадағы холестерин,қандағы қанттың деңгейін білу үшін сараптамадан, ВИЧ-ке және тері ауруларынақатысты экспресс-тестілеуден өтеді, дене салмағы бойынша антропометриялыққорытынды алады, көз қысымын өлшетіп, ФГ арқылы тексеріледі және фтизиатордыңқабылдауында болады.
Бұлардан өзге, медицина қызметкерлері «Халықты тіркеудің регистрі» бойыншатолық мағлұмат береді, мобильді қосымшамен қалай жұмыс жасауға болатындығынтүсіндіреді. Қалалықтарға скринг және міндетті медициналық сақтандыру бойынша толықақпарат ұсынылады.
Денсаулық айлығы кезінде: Флюорография, рентген аппараттарымен жабдықталғанбес машина; КамА базасы негізінде екі жылжымалы медициналық кешен (ЖМК); ПАЗбазасы негізінде бір ЖМК; Диагностикалық қондырғы (ЭКГ, Рентген- зерттеу, ФГДС) қызмет көрсететін болады. Тұрғындарғакардиолог, пульмонолог, терапевт, стоматолог, акушер-гинеколог кеңес береді.