Алматыда тұрғындарға жалға берілетін үйдің пәтер кілттері тапсырылды

АЛМАТЫ. Ақпанның 9-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Алматыда қала әкімінің орынбасары Серік Сейдуманов 1981-1986 жылдардан бері үй кезегінде тұрған 26 отбасына жалға берілетін алғашқы үйден пәтер кілттерін табыс етті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Бүгін жалға берілетін 32 пәтерлік алғашқы үйден 26 пәтердің кілті табыс етілді. Биыл жыл соңына дейін осындай тағы 220 пәтер пайдалануға беріледі. Оның бәрі де Көкжиек ықшамауданында салынып жатыр", дейді Серік Тұрарұлы. Қала әкімі орынбасарының айтуынша, пәтер жекеменшікке берілмейді. Тек шектеусіз мерзімге жалға ғана беріледі. Оның ақысы айына 1 бөлмелі пәтерге - 3 мың, 2 бөлмелі пәтерге 4,5 мың теңге көлемінде болады.