Алматыда туризмнің даму мәселелеріне арналған халықаралық конференция өтті

АЛМАТЫ. Наурыздың 27-сі. ҚазАқпарат /Ернар Бекен/ – Бүгін Алматыда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Туризм дамуының экологиялық-географиялық мәселелері» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.Бұл іс-шара жұмысына Қазақстанның, Ресейдің, Қырғызстанның, Түркияның және Германияның туризм саласындағы жетекші ғалымдары мен сарапшылары қатысты. ҚазҰПУ-дың туризм кафедрасының меңгерушісі Орденбек Мазбаевтың айтуынша, конференцияның басты мақсаты ? Қазақстандағы туризмнің дамуы және елдің жоғарғы оқу орындарында туризм саласының мамандарын дайындау мәселелеріне қатысты жайттарды талқылау. Қазіргі кезеңде туризм индустриясының мамандарын дайындаумен Қазақстанда 38 ЖОО айналысады. Сарапшылар жас мамандардың елімізде, сондай-ақ шет мемлекеттерде қалыптасқан туризмнің қыр-сырларын жетік меңгерулері қажеттігін айтып отыр.