«Осыдан 20 жыл бұрын қабылданған конституция азаматтардың құқығы мен бостандығына кепілдік берді. Конституция отанға деген махаббат, азаматтық парыз, ұлтаралық бірлік сияқты жалпы қоғамдық құндылықтарға негіз болды. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, біздің қазіргі жеткен жетістіктеріміз ұлтаралық бірлік пен конституция нормаларын бұлжытпай сақтауымыздың арқасында бұйырып отыр. Конституция тәуелсіздіктің кепілі. Ата заңымыздың берік негіздері мемлекеттілігімізді одан әрі нығайтып, тәуелсіздігімізді баянды етуге көмектесті», - деді ҚХА Алматыдағы бөлімшесінің хатшысы Маргарита Әбдіәлиева.
Форумға қатысқан жастар да өз ойларын білдірді.
«Біз мықты Ата заңымыз, данышпан көшбасшымыз барда болашағымыздың жарқын екендігіне сенімдіміз. Биылғы жыл түрлі мерейтойларға толы. Соның ішінде Конституция мерекесінің алар орны айрықша. Ата заңымыз барлығымыздың құқықтарымыз бен бостандығымызға кепіл болып отыр. Оның арқасында біз адал еңбек етіп, ұрпақ сүйіп, бала тәрбиелеп, өз елімізде еркін өмір сүріп жатырмыз», - деді «Жарасым» республикалық жастар ұйымы төрағасының кеңесшісі Үкібай Нұрпейісов.