Қалалық Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасы хабарлағандай, Алматы аудандарының бірінде кернеуі 35 киловольт болатын электр тарату желісі зақымданған.
«Алатау жарық компаниясы» таратқан мәліметке сәйкес, таңғы 9:30-да 35 кВ желісінің зақымдануы жоғары жиілікті желіде электр тогының келуін төмендетті. Соның ықпалынан ПС-4 шағын стансасында жарық беру тоқтатылды. Салдарынан Қарасай батыр - Байтұрсынов - Жандосов - Тимирязев – Жароков көшелерінің шаршысындағы ғимараттарға электр энергиясы тоқтатылды»,- деді басқармадан.
Кешке таман аталған ауданды электр энергиясымен қамту қалпына келтірілді.