14 қазанда 101 пультінде Тұйық су қақпасы шатқалында Жәнібек пен Керей көшелерінде өрт шыққаны туралы хабарлама түскен.
«Оқиға орнына Медеу аудандық өрт сөндірушілері шықты. Ол жерде 1 қабатты ғимарат өртенген. Тілсіз жаудың шыршаларға шабу қаупі туды. Қолға алынған шаралардың арқасында өртті 12:45-те ауыздықтау мүмкін болды. Шыршаларға от тиген жоқ», - деді қалалық ТЖД баспасөз қызметінен.
Өртті сөндіруге 13 өрт сөндіруші, 3 техника жұмылдырылды.
Қызыл жалын 50 шаршы метр аумақты шарпыған. Бұл ғимаратта бұрын альпинистер тұрған.