Қазгидрометтің мәліметінше, мегаполистегі ауа температурасы – 35-38 градус. Бұл Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарын суға түсуге итермелейді.
«Өткен аптадағы рейд барысында 3 800-ге жуық жадынама таратылды. Су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 412-бабы бойынша 4 адам әкімшілік жауапқа тартылып , 97 000 теңге айыппұл арқалады», - деп жазылған ТЖД хабарламасында.
Жауапқа тартылған азаматтар тыйым салынған жерлерде, яғни, Шаңырақ шағынауданындағы Үлкен Алматы өзені (Алатау және Бостандық ауданы), Қарасу өзенінің сағаларында (Шестуха) (Түрксіб ауданы) суға түскен.