«Алматы қалалық сайлау комиссиясы учаскелік сайлау комиссияларына арналған оқыту семинарларының кестесін жасады. Бүгін алғашқы семинар түстен кейін Жетісу ауданында өткізіледі. Алдағы уақытта сегіз аудандағы барлық 532 учаскелік сайлау комиссиялары түгелімен қамтылады. Оқыту семинарлары алдағы 11 наурызда аяқталады», - деді Б. Доспанов.
Ол сонымен қатар, қазіргі таңда Алматыдағы барлық 37 сайлау округінде тіркелген сайлаушылардың саны шамамен өзара тең екендігін жеткізді. Яғни, әрбір округтегі сайлаушылардың саны орта есеппен - 28000 адамды құрайды.
«2016 жылдың 20 наурызында, яғни ҚР Парламенті Мәжілісі мен Алматы қалалық Мәслихатына депутаттар сайлау күні қала бойынша 578 сайлау комиссиясы жұмыс істейтін болады. Олардың ішінде 9 - аумақтық, 37 - округтық және 532 - учаскелік сайлау комиссиясы тіркелген.
Айта кетелік, қазір Алматы қаласы бойынша 532 сайлау учаскесі бар. Олардың ішінде Алатау ауданында - 55, Алмалы ауданында - 85, Әуезов ауданында - 93, Бостандық ауданында - 95, Жетісу ауданында - 47, Медеу ауданында - 66, Наурызбай ауданында - 28 және Түркісіб ауданында - 63 сайлау учаскесі тіркелген.