деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық жол полициясы басқармасына сілтеме жасап.
«Шара аясында Жол полициясы мамандары техникалық жөндеу орталықтары мен жеке көлік тұрақтарын, кооперативтік автотұрақтарды, көлік жөндеумен айналысатын жеке адамдарды тексереді», дейді қалалық жол полициясы басқармасы бастығының орынбасары Мұхтар Түсіпов.
Шараның алғашқы күнінде-ақ бірнеше күн бұрын 2 жүргіншіні қағып, оқиға орнынан қашып кеткендердің автокөліктері табылған. Шара шілденің 30-на дейін жалғасады.