Алматыда үкіметтік емес ұйымдардың форумы өтеді

АЛМАТЫ. Тамыздың 17-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда тамыздың 26-сында үкіметтік емес ұйымдардың форумы өтеді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Форум  қарсаңында алдымен тамыздың 21-і күні "Азаматтық қоғамды  бұдан ары дамытудағы ҮЕҰ рөлі" деп аталатын алқалы жиын  өткізілмек. Оған қаладағы барлық үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері қатысады деп жоспарлануда. Оны - қалалық ішкі саясат департаменті, "Әділет" үкіметтік емес ұйымдардың Алматы конфедерациясы және  Алматы қаласындағы ақпараттық-ресурс орталығы бірігіп ұйымдастырып отыр. Бұл кездесудің басты мақсаты -  тамыздың 26-сында Алматыда өтетін үкіметтік емес ұйымдар форумы мен қазанның 6-7 күндері Астанада болатын Азаматтық форумға дайындықты пысықтау. Бұған дейін тамыздың 7-сінде "Сардар" жастар ұйымы үкіметтік емес барлық жастар ұйымдарының басын қосып арнайы семинар ұйымдастырған. Сондай-ақ мұндай семинарды тамыздың 14-і күні    экология, тіл, мәдениет пен салт-дәстүрді насихаттап, дамытуды көздейтін  "Гүлзар" ұйымы да  өткізген еді.