Алматыда Украина азаматын соққыға жыққан 4 студент ұсталды

None
АСТАНА. 27 наурыз. ҚазАқпарат - Алматы қаласының криминалдық полиция қызметкерлері Украина елінің азаматына жасалған қарақшылық шабуылды «ізін суытпай» әшкереледі.

Бұл туралы бүгін брифингте ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлімдеді.

Ресми өкілдің хабарлауынша, 23 наурыз күні таңғы сағат бес шамасында Алматы қаласының Медеу ауданындағы көшелердің бірінде 4 бейтаныс кісі 38 жастағы Украина азаматын соққыға жықты. Одан кейін оның 1 мың еуро салынған қол сөмкесі мен ұялы телефонын қолды етіп, оқиға орнынан бой тасалады.

«Жәбірленушіге келтірілген залал 336 мың теңгені құрады. Жедел-іздестіру шараларының барысында 18-20 жас аралығындағы қала колледждерінің бірінде оқитын 4 студент қолға түсті. Тергеу жалғасуда», - дейді Н. Ораз.