Алматыда үлескерлердің 3,5 млрд. теңгесін талан-таражға салған қылмыскерлер қамауға алынды - Қаржы полициясы

АСТАНА. Маусымның 24-і. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Алматы қаласында үлескерлердің 3,5 млрд. теңгесін жымқырған ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды. Бұл туралы бүгінгі брифингте ҚР Экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ресми өкілі Мұрат Жұманбай мәлім етті,

  деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, «Столичная недвижимость» АҚ-ның басшысы құрған ұйымдасқан қылмыстық топ үлескерлердің 3,5 млрд. теңге көлеміндегі қаражатын талан-таражға салып, жалған кәсіпорындарды құру арқылы 500 млн. теңгеге салық төлеуден жалтарған. Одан басқа олар 2 млрд. теңгені заңдастыруға тырысқан. Қазіргі кезде аталған қылмыстық топтың ұйымдастырушысы қамауға алынып отыр.