2006 жылдан бері екі жылда бір рет ұйымдастырылып келе жатқан бұл жарыс биыл әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің теннис кортында болады.
Жүлде қоры 500 мың теңгені құрайтын байрақты бәсекенің ұйымдастырушысы - Fidelity фитнес-клубтар желісі. 6-12 жас аралығындағы балғын теннисшілердің 3-дәрежелі бұл додасына қатысушылар Қазақстан рейтингін алады. Оған көршілес Өзбекстан мен Қырғызстанның жас теннисшілері де қатысады. Бәсекеге Дмитрий Киреев бастаған қазылар алқасы төрелік жасамақ.