Алматыда ұлттық домбыра күні қалай тойланады
Мерекелік бағдарлама аясында Мейрамбек Беспаев, Асылбек Еңсепов, Ғазизхан Шекербек, Жанар Айжанова, «Алашұлы» тобы, Тамара Асар, Ерболат Құдайберген, Нұрлан Албан, «Ұлытау» тобы, Райм Уайс, Kyle Ruh, «Made in KZ» өнер көрсетеді.
Сонымен қатар концертке танымал күйшілер – Нұржан Тәжікенов, Айгүл Қосанова, Тілеулес Құрманғалиев, Сәуле Жанпейісова, Гүлмира Сарина, Ардақ Исатаева және Еркін Құдайберген қатысады.
Олар ұлы композиторлар Құрманғазы мен Н.Тілендиевтің танымал халық әндері мен шығармаларын орындайды.
Іс-шара аясында қазақ халық аспаптары шеберлерін – талантты қолөнершілерді естелік сыйлықтармен марапаттау өтеді.
Ұлттық домбыра күні қаланың басқа аудандарында да мерекеленеді:
- Әуезов ауданында «Ұлттық домбыра күні» мерекелік флешмобы 2 шілде күні сағат 09:00-де Алтынсарин даңғылы, 23 мекенжайында аудан әкімдігі ғимаратының алдында өтеді.
- Алатау ауданында «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра!» мерекелік концерті Ұлттық домбыра күніне орай 2 шілде күні сағат 11:00-де Нұркент 5/11 шағын ауданындағы дәстүрлі музыканың мультимедиялық орталықта өтеді.
- Жетісу ауданында ұлттық домбыра күніне арналған «Алтын домбыра – Жетісу әуені» жанбасына қаржыландыру аясында балалар арасындағы байқау 2 шілде күні сағат 12:00-де Серіков көшесі, 2 мекенжайындағы «Гүлдер» саябағында өтеді.
- Медеу ауданында 30 домбырашы мен Медеу ауданының жалпы білім беретін мектептері оқушыларының қатысуымен шағын флешмоб 1 шілде сағат 10:00-де, Зенков көшесі жағынан 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта өтеді
- Наурызбай ауданында «Домбыра party» мерекелік концерті 30 маусым күні сағат 19:00-де Шұғыла, 347 мекенжайында аудан әкімдігі ғимаратының алдында өтеді.
- Түрксіб ауданында Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік флешмоб 1 шілдеде сағат 10:00-де, Сейфуллин даңғылы 13/1 бойындағы №6 оқушылар үйінің алдындағы алаңда өтеді.
Сонымен қатар, Алмалы және Бостандық аудандарында Ұлттық домбыра күніне арналған домбырашылар флешмобы өтеді.
Айта кетерлігі, ұлттық аспаптың құрметіне арналған мереке Қазақстанда шілденің бірінші жексенбісінде аталып өтеді.
Бұған дейін әнші Мейрамбек Бесбаев алматылықтарды домбыра күніне арналған іс-шараға ерекше әдіспен шақырған болатын.