Жарысқа әр облыс пен Астана, Алматы қалаларынан 1996-1998 жылдар аралығында туылған жасөспірім спортшылар қатысады деп жоспарлануда, деп хабарланған ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының сайтында.
Чемпионат ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің 2014 жылға арналған бұқаралық-спорттық, сауықтыру іс-шаралары мен республикалық және халықаралық негізгі жарыстардың күнтізбелік жоспарына сәйкес өткізіледі.
Жарыс бағдарламасы бойынша, 30 шілде күні спортшылардың орналасқанынан кейін мандат комиссиясы мен төрешілер алқасының отырысы өткізіледі.
ҚР чемпионатында А.Аймағанбетов, Н.Додай, М.Алиев (Ақтөбе облысы), А.Жанбалаев (Атырау облысы), Қ.Дүйсеков (Қарағанды облысы), Р.Байтасов, А.Бекболатов (Қостанай облысы), А.Базарханов, Е.Жылқыбаев, Г.Базарханова, Е.Юсупов, М.Құлжатаев, М.Отынбаев, А.Сапақов (ШҚО), С.Ізбасаров, Ж.Саев, С.Джалилов, Ж.Бекмұсаев, Қ.Жакипов, Ж.Түленов (ОҚО), М.Азбаев (СҚО), Ж.Орынбасаров, С.Сыздықов, Ғ.Мақатаев (Қызылорда облысы), А.Мейрамғалиев, Ж.Мейрамғалиев (Павлодар облысы), Қ.Сүйебаев (Маңғыстау облысы) сынды төрешілер қазылық етпек.