Алматыда Ұлттық ұлан офицері балалы әйел мен қарияны өрттен құтқарды

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда Ұлттық ұлан офицері ит қауып алғанына қарамастан балалы әйел мен қарияны өрттен құтқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық ұлан баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«18 шілде күні сағат 22.30-дер шамасында №5572 әскери бөлім топкомандирінің орынбасары капитан Әділжан Ақриев үйінде жүріп, терезеден қарсыбеттегі үйдің өртеніп жатқанын байқап қалады.

Дереу өрт шыққан үйге бет алып, тұрғындары құтқаруға кірісіп кетеді. Үйгекірген бетте бірінші кезекте сәбиі бар әйелді көреді. Бірден баланы көрпегеорап, анасы екеуін сыртқа алып шығады», делінген хабарламада.

Қайта оралғанда ауладағы ит аяғын тістеп алады. Оның үстіне бұл уақыттакірер есікті жалын шалып, ішке ену мүмкін емес болып бара жатқан еді. Бірақ,Әділжан аяғының қанағанына қарамай, көрші үйден саты әкеліп, ішке кіреді. Шатырынадейін жанып жатқан үйден соңғы сәттерде үлгеріп әжейді де алып шығады.

Сағат 22.46 кезінде өрт сөндірушілер келіп, тілсіз жауды толықтайауыздықтап, үйден тағы екі кісіні алып шығады.

Капитан Әділжан Акриевті жедел жәрдем поликлиникаға жеткізіп, ит қапқанғабайланысты құтыруға қарсы екпе жасады.

Соңғы жаңалықтар