Алматыда Ұлы Жеңістің 65 жылдығына арналған велошеру өтті

None
Ы. Мамырдың 8-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ -Бүгін Алматыда қала әкімдігі мен Азия ойындары дирекциясының ұйымдастыруымен Ұлы Жеңістің 65 жылдығына арналған велошеру өтті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, шараның мақсаты Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 65 жылдығы мен 7-ші қысқы Азия ойындарын насихаттауға бағытталған. Шараға соғыс ардагерлері, сондай-ақ қала тұрғындары, қонақтары қатысты. Велошеруге қатысушылар Әл-Фараби көшесімен Тәттімбет көшесінің қиылысында басталып, Әл-Фараби көшесімен Навои көшесінің қиылысындағы Дендропаркке дейін жүріп өтті. Іс-шара соңында велошеру жеңімпаздары марапатталып, ардагерлерге арналған концерттік бағдарлама болады.