Алматыда үнді билерінің концерті болады

None
АЛМАТЫ. 5 сәуір. ҚазАқпарат - Алматыда 25 сәуір күні Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында Халықаралық би күніне орай Үнді классикалық би орталығының концерті өтеді.

Аталмыш орталықтың жетекшісі Ақмарал Қайназарованың жетекшілігімен өтетін кеште үнді классикалық,  тайпалық, сондай-ақ әлем халықтары билері орындалатын болады.

Шараның ұйымдастырушысы - Үнді Елшілігі, Қазақстандағы ЮНЕСКО өкілдігі.

Халықаралық би күні -  ЮНЕСКО-ның шешімімен 1982 жылдың 29 сәуірінен аталып келеді. Бұл күн барлық балет әртістері мен классикалық, халықтық, заманауи би ұжымдары үшін  кәсіби мереке болып саналады.