Алматыда үнді штамын жұқтырғандар саны көбейіп барады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «дельта» штамын жұқтырғандар саны көбейіп барады. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қалада соңғы 10-14 күн ішінде инфекция деңгейінің «көлденеңінен» көтерілуі байқалды. Егер басында «дельта штамм» жалпы ауру жұқтырылғандардың 23% -ын қамтыса, бүгінде бұл көрсеткіш 78% -ға жетті. Бұған дейін, тәулігіне 144 ауру жұқтыру дерегі тіркелсе, бүгінде ол 305-ке жеткен. Инфекция жұқтырғандардың басым бөлігінде ауру белгісі бар, ал симптомы білінбейтіндер небәрі 23 адам», - деді ол.

Әкім орынбасары қазіргі эпидемиологиялық жағдайға байланысты азаматтарды вакциналауға шақыру маңызды екенін де айтты.

Айта кетейік, Алматы облысында коронавирустың «Дельта» штамын жұқтырудың 2 жағдайы тіркелді.