Кездесуді Үндістанның туризм министрлігі ұйымдастырды. Шараның мақсаты екі ел арасындағы туризм саласын дамыту, қазақстандық туристік операторларды Үндістанға саяхат жасауға тартуға бағытталған.
«Бүгінде қазақстандықтар Үндістан туризміне үлкен қызығушылық танытып отыр. Соған орай, Үндістан үкіметі осы елмен туризмдік байланысын нығайтуды көздеп отыр. Бүгінгі басқосу барысында қос мемлекеттің туризм агенттіктері осы салада тығыз байланыстар орнату мен дамыту мәселелерін талқылайды», деді Үндістан Туризм министрлігінің Еуропа және ТМД аумағы бойынша директоры Мұхамед Жәбед.
Шара аясында Үндістан туралы деректі фильмдер көрсетіліп, қызығушыларға арнайы кеңестер берілді.