«Биыл қатысушылар саны өте көп. Былтыр 74 адам қатысқан болатын. Ал биыл, 100 адам тіркелді. Бірақ, денсаулықтарына байланысты 89 ардагер ғана ойнап жатыр. Олардың ішінде тыл майданының еңбеккерлері және коньки, велоспорт және бокс бойынша спорт ардагерлері де бар. Екі топ бойынша жүлделі орындарға қол жеткізген ардагерлерге кубоктар мен медальдар және сыйақы табыс етіледі», - деді өз сөзінде Қазақстан бильярд спорты федерациясының менеджері Виктория Назарова.
Турнирдегі ең жасы үлкен қатысушы алматылық Евгений Кодяйкиннің жасы - 88-де. Ал ең жас қатысушының жасы - 63-те.
Жарысқа қатысушылар жас мөлшері бойынша екі топқа бөлінген: 1) 63-74 жас және 2) 75 және одан жоғары.
Жарыс 5 мамыр күні аяқталады.