Тарихи деректерге сүйенсек, соғыс жылдары 68 мыңға жуық ит майданда қызмет еткен.
6 мыңға жуық иттің көмегімен 4 млн мина зарасыздандырылды. Байланысшы иттер 20 мыңға жуық хат жеткізген. Адал жануарлар жаудың 300-ге жуық танкін жарып жіберген.
Санитар иттер 15 мыңға жуық шанамен 700 мыңдай жаралы сарбазды госпитальге жеткізген.
Әскери бөлімдерге 3500 тонна ұрыс затын жеткізген. Барлаушы иттер бұқпантайлап жатқан жаудың ошағын ашуда, тіл ұстауда көмек көрсеткен.
Бүгінгі шара барысында кинолог мамандар әскери жылдары иттердің қалай әрекет еткендігін, қазіргі төрт аяқты көмекшілердің іздестіру жұмыстарындағы қызметін іс жүзінде көрсетті.
Шараға ҰОС ардагерлері, Түрксіб ауданының әкімдігі, «Аэроұтқыр әскер», «Нұр Отан» партиясының өкілдері, Б.Момышұлы атындағы респубикалық әскери мектептің оқушылары қатысты.