24 қазан күні тәртіп сақшылары «Мегатау» және «Аэровокзал» сауда орталықтарында рейдтік шаралар өткізді. Оның барысында сатушылар ұрланған телефондардың IMEI-кодын өзгертіп, сатып келгендігі анықталған.
«Аталған фактілер бойынша ҚР ҚҚ-нің 213-бабы 3-бөлігімен (Ұялы байланыстың абоненттiк құрылғысының сәйкестендiру кодын, абоненттi сәйкестендiру құрылғысын құқыққа сыйымсыз өзгерту, сондай-ақ абоненттiк құрылғының сәйкестендiру кодын өзгертуге арналған бағдарламаларды жасау, пайдалану, тарату) іс қозғалды. Күдікке ілінген саудагерлер туралы ақпарат тергеу жұмыстарына байланысты жарияланбайды», - делінген таратылған мәліметте.