Жыл басынан бері Алматы қаласында бөтеннің мүлкін ұрлау саны 36,7% төмендеді. Қоғамдық орындарда 662 ұрлық жасалды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 5,8 есе аз.
«Сонымен қатар, 5 айда бұған дейінгі жылдары жасалған ұрлыққа қатысты – 102, алаяқтықтың 140 фактісін ашылды. Сонымен қатар, аталған кезеңде қоғамдық орындарда, яғни сауда орталықтарында, базарларда, қоймаларда, компьютерлік клубтарда жеке мүлікті ұрлаумен айналысып келген 35 қылмыстық топтың жолы кесілді. Бұдан бөлек, 131 әккі ұры ұсталды, олардың бөтеннің мүлкін ұрлау бойынша 214 фактіге қатысы бары дәлелденді», - деді Алматы қалалық Полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.