Алматыда ұрлықпен айналысқан туристер ұсталды
10:57, 24 Сәуір 2013
АСТАНА. 24 сәуір. ҚазАқпарат - Алматыда бір ай бойы қазақстандықтардың банк карталарынан ақша жымқырып келген қос шетелдік ұсталды.
Олар елімізге Еуропаның саяхатшылары ретінде келген. Бірі румын және молдава азаматтығын алған болып шықты, ал екіншісінің тұрғылықты мекен-жайы - Италия.