Алматыда «Ұрпақтар ұмытпайтын Ұлы Жеңіс» деп аталатын мерекелік шара өтеді

АЛМАТЫ. 5 мамыр. ҚазАқпарат - Алматыда  7 мамыр  күні Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Ұрпақтар ұмытпайтын Ұлы Жеңіс» деген мерекелік іс-шара өткізіледі.

Ол еліміздегі тыныштық пен түсіністіктің түбірі болған, барша отандастарымыз үшін аса қастерлі мерекеге айналған Ұлы Жеңістің 67 жылдығына арналуда. Бұл шараға Абай атындағы ҚазҰПУ-дің соғыс,  еңбек және  тыл ардагерлері шақырылып отыр. Онда естеліктер айтылып, қалалық мәслихат депуттаты және   университет ректоры, профессор Серік Пірәлиев  ардагерлерді құттықтамақ. Сондай-ақ сый-сияпат көрсетіліп, Қазақстан эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерттік бағдарлама ұсынылады. Мерекелік шара одан кейін 28 гвардияшы-панфиловшылар паркіндегі қаһармандар ескерткіші мен мәңгілік алауға гүл шоғын қоюға ұласады деп жоспарлануда.