«Алматы ІІД криминалды полиция қызметкерлері 3 күдіктіні құрықтады. Бұған дейін де істі болған қаскөйлер 16 тамыз күні қала тұрғынын көшеде тонап, 28 мың АҚШ долларын алып кеткен. Ұрланған ақша қайтарылды»,-деді ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Садубаев.
Сондай-ақ басқарма сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанынан хабардар етті.