Алматыда үш адам ысты газбен уланды
08:32, 28 Наурыз 2013
АСТАНА. 28 наурыз. ҚазАқпарат - 27 наурыз күні сағат 18.48-де Алматының Жетісу ауданында табиғи газбен жасайтын пештегі ақау салдарынан 23 және 25 жастағы жас адамдар, 49 жасар әйел ысты газбен уланып, ауруханаға жатқызылды.
Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлады.