Бұл жайлы бүгін қалалық мәслихаттың ХХ сессиясында Алматы әкімі Ахметжан Есімов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"Қазір Алмалы, Жетісу, Медеу аудандарының әкімдіктері орталықта орналасқан. Сол себепті өткен жылы Жетісу ауданы әкімдігінің ғимаратын сатып, жаңадан екі ғимарат салуға шешім қабылдадық. Қазір жаңадан құрылған Алатау ауданы әкімі аппаратының ғимараты салынып болды. Бүгінгі таңда Құлагерде Жетісу ауданы әкімдігінің ғимараты салынып жатыр. Олар оған қазан айында көшетін болады", дейді Ахметжан Есімов. Жалпы 18,2 шаршы шақырым аумақты алып жатқан Алмалы ауданында 184,5 мың тұрғын бар. Ал аумағы 34,5 шаршы шақырымды құрайтын Жетісу ауданында 134,9 мың адам тұрса, 83,85 шаршы шақырымдық Медеу ауданы тұрғындарының саны 147,8 мың адамға жетті.