24 қыркүйекте Алатау, Жетісу, Түрксіб аудандарының солтүстігіне қарай Рысқұлов көшесінен төмен орналасқан ғимараттарда сегментарлы түрде 20:00-ден бастап суық су ажыратылады.
Уақытша қолайсыздық диаметрі 1200-1400 мм болатын Талғар су құбырын жоспарлы түрде жөндеумен байланысты болып отыр. Аталған учаскеде су құбырлары 50 жылдан бері ауыстырылмаған. Су жөндеу жұмыстары аяқталуына қарай кезең-кезеңімен қосылады.
«Суық су 26 қыркүйекте толығымен қосылады. Әлеуметтік маңызы бар нысандар 23 автоцистерна арқылы сумен қамтылады. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз»,- деді баспасөз қызметінен.