«2022 жылдың желтоқсанында Алатау ауданындағы «Мәдениет» ықшамауданында 1500 орындық жаңа мектеп салу есебінен үш ауысымдағы соңғы №196 мектеп жойылды. Орын тапшылығы мәселесін түбегейлі шешу үшін Мемлекет басшысы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыруға қолдау көрсетіп, 2030 жылға дейін бір ауысымды оқытуға көшуді қамтамасыз етуді тапсырды», - деді басқарма басшысы.
Айтуынша, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында мегаполисте 37 100 орындық 22 мектеп салу жоспарда. Сондай-ақ, 5570 орындық 11 нысан іске қосылады.
«Атап айтар болсам, бюджет есебінен «Қайрат» ауданында 1500 орындық бір мектеп салынады. 920 орын № 48, №148, №112, №9 мектептерге қосымша құрылыс жүргізу арқылы ашылады. 3150 орындық 6 жекеменшік мектеп ашу көзделіп отыр»,- деді Ләззат Жылқыбаева.