Алматыда үш әйел сауда дүкенін жылытпақ болып, керосин буына уланып қалды

АСТАНА. Тамыздың 28-і. ҚазАқпарат - Алматыда жұмаға қараған түні сауда дүкенін жылыту үшін дизель отынын пайдалану кезінде үш әйел керосин буына уланып қалды,

деп  хабарлады Төтенше жағдайлар  министрлігінен.

«Сағат 03.24-те  Түркісіб ауданында    дүкенді  жылыту  үшін дизель отынын     пайдалану кезінде   1962, 1986 және 1991 жылы туған  үш  әйел    керосин буына  уланып, ауруханаға түсті»,  делінген         министрліктің  ресми   хабарламасында.