Алматыда үш бала иіс тиіп уланды - ҚР ТЖМ

None
АСТАНА. 17 қазан. ҚазАқпарат - Алматы қаласының Медеу ауданындағы жекеменшік тұрғын үйде қатты отынмен жанатын пештің ақаулығы салдарынан үш бала иіс тиіп уланды, деп хабарлады ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен.

14 жастағы жасөспірім мен оның үш және бір жастағы екі қарындасы ауруханаға жеткізілді.