деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұлар БАҚ-та қазақ тілінде жарық көрген өзекті мақалаларды орыс тіліне аударып басатын ұлттық интернет газеттері болмақ.
«Алтынорда» қазан айының 1-інде ашылмақ. Ал қалған сайттар қызметін қыркүйектің 1-інен бастап та кетті.
«Бүгінде интернет журналистикасы өз деңгейінде емес. Соның салдарынан болса керек, қазақ тілді аудитория көбінесе орыс газеттері мен интернет сайттарына жүгініп, ақпаратты солардан алуға мәжбүр. Бұл сайттардың негізгі мақсаты осы аталған олқылықтардың орнын толтыру болып табылады. Бұл сайттар қазақ интернет журналистикасын дамытуға үлес қосып, осы салада өз қолтаңбаларын қалдырады деген сенімдеміз», дейді ұйымдастырушылар.
«Үш сайттың да негізгі мақсаттары бір - қазақ тілінде интернет журналистикасын дамыту, толыққанды ақпарат алуға мүмкіндік жасау, фотосуреттерді мейлінше көп беру. Өйткені мерзімді басылымдар не бір ауқымды шаралардан 1-2 ғана сурет бере алады. Біз интернет газет болғандықтан фотоларды көп береміз, барлық саланы қамтитын боламыз», дейді «Алтынорда» сайтының өкілі Айдос Сарым.