«Үйдегі газ пешінің ақауынан шыққан табиғи газдан 5, 8, 10 жастағы балалар уланып қалды. Балалар ауруханаға жатқызылды", - деді Иманқұлов.
Оның айтуынша, жыл басынан бері жылыту пештерінің ақауынан мұндай улану жағдайы бірнеше рет орын алды. Сондықтан, үй иелері газ немесе қатқыл отынмен жұмыс жасайтын пештердің жұмысын жіті тексеріп тұруы тиіс.