деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Шараға Ұлы Отан соғысы мен Ауған соғысына қатысқан ардагерлер және аталмыш ауданның тимуршы жастары қатысты. Жиын барысында ардагерлер қазіргі жастардың патриоттық сезімін нығайта түсу үшін ерлік жайында көптеген әңгімелер айтып, өздерінің тәжірибелерімен бөлісті. «Жер бетінде адамдар ауысып отырады. Қарттар өмірден өткенімен олардың орнына әрқашанда жас буын келіп, өмір жалғаса береді. Бүгінгі кездесу тәрбиелік мәні бар, жаксы жиын деп ойлаймын», дейді Ұлы Отан соғысының ардагері Зекен Әділбеков.
Жиынға келген мектеп оқушылары ардагерлерге арнап соғыс уақытында шыққан әндерді орындады.