Спикердің сөзінше, спорт ғимараттарын салу – қалалық саясаттың маңызды бағыттарының бірі.
Бұл қала тұрғындарының денсаулығын нығайтып, салауатты өмір салтын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
«Қаланың балалары мен жастарын қолжетімді спорт секцияларымен қамтамасыз ету, халықты салауатты өмір салтына тарту, ұлт денсаулығын сақтау және нығайту мақсатында «Жас Қанат», «Алатау» және «Зерделі» шағынаудандарында үш дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жүріп жатыр», - деді Ұлан Оңалбаев.
Бұған дейін Ерболат Досаев Наурызбай ауданы тұрғындарымен кездесу барысында 1 қыркүйектен бастап Artsport бағдарламасын қаржыландыру тоқтайтынын айтқан болатын.