«Аталған дерек Алматы әуежайының желілік ішкі істер бөлімі тарапынан сотқа дейінгі бірыңғай тергеу ісі реестріне тіркелді. Қазір ҚР ҚК 344-бабының 3-бөлімімен сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр (әуе көлігін жүргізу мен пайдалану қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуы)», - деді баспасөз қызметінен.
Айта кету керек, төтенше жағдай бүгін болған. Алматыға жақын жерде АЗЕМ аэродромы маңында «ТЕХНАМ 2002» ұшағы апатқа ұшырады. Ұшақ 9:53-те оқу-жаттығу жұмыстары кезінде құлаған.
Бортта болған 40 жастағы ұшқыш С.Курченко мен 21 жастағы курсант Е.Әбішев оқиға орнында көз жұмды.
Әуе кемесі Азаматтық авиация академиясына тиесілі.