«26 шілдеде SCAT (Sunday Airlines) әуе компаниясының Хургада-Алматы бағытындағы 5038 рейсі ұшағының қонуы кезінде артқы бөлігі жерге соғылған. Қазіргі таңда әуе компаниясы штаттық режимде жұмыс жасап жатыр. Аталған оқиға бойынша құзырлы органдар тексеру жұмыстарын жүргізуде», - деді комитеттен.
Ведомствоның хабарлауынша, ұшақ Алматы әуежайында жергілікті уақыт бойынша 22:48-де сәтті қонды. Бортта 233 жолаушы - 163 ересек, 70 бала, 3 нәресте болған.